Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Жезөкшені қызғанған жігіт жантүршігерлік қылмысқа барды

Рудненск балалар үйінің тәрбиеленушісі 22 жасында бірнеше рет сотталған ер адамның қолынан қаза тапты.

Сурет : sn.kz9 Сәуір 2018, 14:07

Қостанайда үш рет сотты болған ер адам жезөкше қызды буындырып өлтірді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бұл қылмыстық іс бойынша сот жабық режимде өтті. Немересі жеңіл жүрісті болғандықтан, 22 жастағы Кристина Шульженконың әжесінің өтініші осы болған.

Пластикалық терезені монтаждаушы Абай Мұхамбетов Кристинаның клиенті болған. Қыз оған ұнап қалғандықтан, олар жиі кезде бастайды. Біраз уақыттан кейін Абай қызға кәсібін тастауды ұсынады. Ол апта сайын өзі 15 мың төлеп тұрмақ болады.

Өткен жылдың 27 қарашасында Мұхамбетов әдеттегідей Кристина жалдап тұратын пәтерге келеді. Ол есік алдында үйден шығып келе жатқан ер адамды көріп қалады. Қыз оған ер адамның кран мен балконның есігін жөндеуге келгенін түсіндірмекші болады. Бірақ Мұхамбетов оның сөзіне сенбейді. Қызғаныштан булыққан ол Кристинаны төсек жаймасымен буындырып өлтіреді. Қыздың мәйітін құрбысы тауып алған.

Сотта Мұхамбетов өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты. Ол төтенше қауіпсіздік жағдайындағы колонияда 12 жыл жазасын өтейді. Қаза болған қыздың әжесіне ол 1,5 миллион теңге моральдық шығын өтеуі тиіс.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер