Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйде лифт өртеніп, тұрғындар эвакуацияланды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2018 20:13 Baq.kz
Құтқарушылар пәтерлерден 41 адамды қауіпсіз жерге көшірді.

Кеше Қарағандының Гүлдер-1 шағын ауданындағы он қабатты үйдегі лифттің шахтасынан өрт шығып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Эвакуацияланған қырықтан астам адамның үшеуі бала, деп хабарлайды Baq.kz.

«8 сәуір күні 14 сағат 58 минутта Гүлдер-1 шағын ауданы, 14 үйдегі лифтінің шахтасынан өрт шыққаны жайлы хабарлама келіп түсті. Лифт шахтасындағы қоқыс қалдықтары өртенген. Өрттің аумағы үлкен емес, бар-жоғы 1 шаршы метр. Дегенмен де, өрттен шыққан түтін тым қою болғандықтан құтқарушылар пәтерлерден 41 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Оның үшеуі бала. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ», - деп хабарлайды Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндіру қызметі техникасының үйге өтуіне ауладағы автокөліктер кедергі болған.

«Аулада ретсіз қойылған көліктердің кесірінен өрт сөндірушілер үйге өте алмады. Бұл жолы өрттің аумағы үлкен болмады. Ал егер тілсіз жау ие бермей жатса не болмақ? Бұндай жағдай барлық аулаларда. Өрт сөндіру мен жедел жәрдем көліктері жүргізушілердің осындай әрекеті кесірінен дер кезінде көмек көрсете алмай жатады», - дейді қала тұрғындары.

Облыстық төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша ретсіз, жөн-жосықсыз қойылған автокөліктердің кесірінен өрт сөндірушілер мен құтқарушылар көп уақыт жоғалтады.

«Мұндай жағдай өте жиі болады. Кейде біздің қызметкерлеріміз көліктерді қолмен итеріп өрт сөндіру техникасына жол ашады. Көліктерді қолмен итеру өте қиын, әрі көп уақыт алады. Қаламыздың барлық аудандарында автокөліктерге арналған тұрақтар бар. Дегенмен де көлік иелері машиналарын аулаға қойғанды дұрыс көреді. Осы себепті Төтенше жағдайлар қызметі автокөлік жүргізушілерінен аулаға үлкен техника кіру үшін жол қалдыруларын сұрайды», - дейді Ж.Дәуренбекова.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: