Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда салықтық тексерулер саны азайды - Қаржы министрлігі

egemen.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2018 20:41 egemen.kz
2018 жылдың 1 қаңтарынан жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты қарсы тексерулер санының 25 пайызға төмендейтіндігі күтілуде.

2017 жылы еліміздегі салықтық тексерулер саны 45 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Такиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылы Бас прокуратурамен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тексеру түріндегі бизнеске жүктемені біртіндеп төмендету және қылмыстық қудалау орбитасына шығармау жөнінде басталған бірлескен жұмыс биыл да жалғасуда. Өткен жылы Мемлекет басшысы салықтық тексерулер санын 37,5 пайызға төмендетуді тапсырған болатын. Біз өткен жылдың қорытындысына аталған көрсеткішті 45 пайызға дейін немесе тексерулер санын 76794-тен 42018-ге дейін қысқарта алдық», - деді ол.

Оның айтуынша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты қарсы тексерулер санының 25 пайызға төмендейтіндігі күтілуде.

«Жаңа Салық кодексі аясында жоспардан тыс тексерулердің негіздемелерін тағайындау жайттары қаралды. Егер бұған дейін 32 негіздеме болса, қазір олардың 12-сі ғана қалды. Заңды тұлғалардың жабылуы немесе жеке кәсіпкерлер қызметін тоқтатқан кезде аудиторлық ұйымдардың салығы бойынша аудитті жүзеге асыру үшін шарттар жақсартылды. Жеке практикамен айналысатын жеке тұлғалардың қызметі салықтық тексеру жүргізілместен тоқтатылатын болады», - деді Мәди Такиев.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: