Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

БҚО-да киік мүйізін саудалаған браконьер ұсталды

Тексеру барысында оның машинасынан 68 дана киік мүйізі табылған.

Сурет : Хабар 2410 Сәуір 2018, 09:19

Батыс Қазақстан облысында киік атып, оның мүйізін сатумен айналысқан браконьер қолға түсті, деп хабарлайды Хабар 24.

Казталов ауданынының ішкі істер қызметкерлері күдікті мінген көлікті Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылының маңында тоқтатқан. Тексеру барысында оның машинасынан 68 дана киік мүйізі табылған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, келген шығын анықталып жатыр.

Айта кетейік, өткен жылы өңірде киікті заңсыз аулау мен оның мүйізін сақтап, тасымалдауға қатысты 42 қылмыстық іс тіркелсе, биыл жыл басынан бері осындай оқиғаның саны 17-ге жетті.

- Киік мүйізін қайдан алғаны қылмыстық іс бойынша анықталып қаралып жатыр. «Охотзоопром» мемлекеттік инспекторлары үшін бүгінгі таңда бірінші тоқсанда он төртінші қылмыстық іс болып тұр, - дейді «Охотзоопром» РМК Орал өңірлік филиалының басшысы Дархан Саматов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер