Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Елімізде құрылыс материалдары қымбаттады

Жыл басынан бері құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және құрылымдардың бағасы 0,7 пайызға қымбаттады.

Сурет : ҚазАқпарат10 Сәуір 2018, 11:11

2018 жылдың наурызында құрылыс саласындағы баға 5 пайызға жуық шамада қымбаттады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылдың наурызында өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда құрылыстағы баға 4,9, құрылыс-монтаж жұмыстарына 5, машиналар мен жабдықтарға 4, өзге де жұмыстар мен шығындарға 5,8 пайызға өсті.

Жыл басынан бері құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және құрылымдардың бағасы 0,7 пайызға қымбаттады. Сонымен қатар I тоқсанында құрылыс ерітінділері 2,1, құм 1,6, жазық илек 1,2, құбырлар 0,8, бояулар мен эмальдар 0,7, кірпіш 0,5 пайызға бағасы көтерілді. Ал ғаныш картон 0,8, портландцемент 0,5, қиыршық тас 0,4 пайызға арзандады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер