Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында иттердің өлексесі жатқан шұңқыр табылды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2018 18:35 Baq.kz
Жергілікті тұрғындар жануарларды қорғаушыларға жиі келіп, жоғалған итін тауып беруін сұрайды.

Өткен демалыс күндері зооқорғаушылар Алматы облысы, Талғар ауданындағы қаңғыбас иттердің көзін жою және асырау бойынша ресми пунктінен иттердің өлексесі, жануарлардың сүйегі мен шашылып жатқан дәрі-дәрмектерді тапты, деп хабарлайды Baq.kz.

Жергілікті тұрғындар жануарларды қорғаушыларға жиі келіп, жоғалған итін тауып беруін сұрайды. Жеті ит осы тәлімбақтан, ал қалған иттердің өлексесі сол маңдағы шұңқырдан табылған.

«Алабай иттерімен бірге басқа да иттер болған. Біздің болжауымызша, олар осы жерде иттерді таяқпен ұрып, мына шұңқырға тасиды. Шұңқырдан алып шыққан иттердің аяғы, көзі жараланған. Соған қарағанда оларды таяқпен ұратыны рас», - дейді жануарларды қорғаушы Ирина Иванникова.

Нормаға сәйкес, ұсталған иттерді тәлімбақ деп аталатын торға қамайды. Ол жерде жарық та, жылу да, су да жоқ. Егер ит иесі үш күн ішінде табылмаса, иттің көзін жояды. Қараусыз қалған аумақта жануарлардың сүйектері мен дәрі-дәрмектер шашылып жатыр.

«Жүздеген ит өлексесі жатқан шұңқырдың маңында тұрғын үйлер мен ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер бар. Тереңдігі 15 метрге дейін созылатын шұңқырға балалар құлап кетуі мүмкін немесе олар шашылып жатқан дәрі-дәрмектермен ойнауы мүмкін. Бұл жерде адам төзгісіз иіс шығып тұрады», - дейді тұрғындар.

Бұл жерді жергілікті әкімдік бақылауда ұстауы керек, бірақ шенеуніктер шұңқыр маңында не себепті дәрі-дәрмектер мен жануарлардың сүйегі шашылып жатқанына қатысты жауап бере алмады.

«Ол жер қоршалған және торға құлып салынған. Ол жердегі жағдай туралы енді ғана естіп тұрмын», - дейді Талғар аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Рашид Смаилов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: