Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Халықтың үні. Алғаш рет тікелей эфирде кез келген қазақстандық пікір білдіре алады!

Жаңа «Сөз сізде» ток-шоуы Еуразия бірінші арнасының кешкілік эфиріне екінші сәуірден бастап шықты. Эфир уақыты – сағат 18.00-ден 19.00-ге дейін және әрі қарай ақпараттық бөлікке үзілістен кейін сағат 19.45 пен 21.00 аралығы.

Сурет : Еуразия бірінші арнасы10 Сәуір 2018, 13:31

Екінші ақпан күні Еуразия бірінші арнасында қазақстандық телевизияның тарихында болмаған жаңа әлеуметтік жоба – «Сөз сізде» бағдарламасы көрерменге жол тартты. Ток-шоу форматындағы басқа бағдарламалардан басты ерекшелігі – онда әрбір қазақстандық тікелей эфирде өз пікірін білдіре алады. Мұнда қоғамдық маңызы бар тақырыптар көтеріліп, оған халық болып жауап іздейді.

«Егер сұрақ болса, оның жауабы да бар, егер бір түйткіл болса, оның шешімі де бар. Бұл қазақстандықтарға күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді кейінге қалдырмай, талқылауға мүмкіндік беретін сөзталқы алаңы – «Сөз сізде» ток-шоуының негізгі ұстанымы. Біз қоғамды толғандыратын өзекті мәселелерге қатысты дәл сол салада жүрген сарапшылар жауап бергеніне үйренгенбіз. Алайда көбінесе қарапайым халықтың, көрерменнің не ойлайтыны қалыс қалып жатады. Мысалы қарапайым слесарь білім беру саласындағы реформалау жүйесі туралы не ойлайды? Бағдарламаның негізгі міндеті, оның мақсаты, миссиясы – көрерменге сөз беру. Бағдарламаға айтары бар кез келген адам қатыса алады», - дейді жобаның бас редакторы Шахкерім Кәрменов.

Жаңа жобаны жүргізу мәртебесі қазақстандық танымал орындаушы, музыкант Кенталға бұйырды. Оның міндеті – көрермендер залындағы пікірталасты бағыттап отыру.

«Бұл – пікірталас алаңы, халықтың үні, саясаттан, дін мен ұлттан тыс бағдарлама. Ақиқат пікірталас нәтижесінде туатыны белгілі. Қоғамды толғандыратын, қандай да бір өткір тақырыптар туралы бүгіп қалу, жеткізе айтпау мәселені ушықтырады.Біздің міндетіміз қандай да бір шешім тауып қана қоймай, кез келген түйткілді шешуге болатынын, түйедейді түймедей етуге болатынын көрсету. Менің жүргізуші ретіндегі миссиям – түйткілдің әрдайым шешілетінін ұғындыру», - дейді жаңа жобаның жүргізушісі, танымал әнші Кентал.

Талғат Кенжеболатовтың айтуынша, бұрын мұндай ауқымды әрі бірегей жобаны жүргізу мүмкіндігі оған бұйырмапты.

«Бұған дейін кәсіби жүргізуші ретінде өзімді сынап көрмегем. Оның үстіне, елдің ең рейтингілі арнасында тікелей эфирде 2,5 сағаттық бағдарлама жүргізу – аса жауапты іс. Өмірімде жаңа әрі маңызды дүниелер орын алып жатыр. Бұған мен өте қуаныштымын», - дейді Кентал.

Жаңа «Сөз сізде» ток-шоуы Еуразия бірінші арнасының кешкілік эфиріне екінші сәуірден бастап шықты. Аптасына үш рет: сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері шығып отырады. Эфир уақыты – сағат 18.00-ден 19.00-ге дейін және әрі қарай ақпараттық бөлікке үзілістен кейін сағат 19.45 пен 21.00 аралығы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер