Жаңалықтар тізбегі
0

Қара жорға билеп хитке айналған жылқы Павлодарда өнер көрсетеді

Рavlodarnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2018 23:36 Рavlodarnews.kz
Шабандоз жұрт алдында тегін өнер көрсетеді.

Қара жорға биін билеп әлеуметтік желіде хитке айналған көкшетаулық жылқы Павлодарда Наурыз мерекесінің соңғы күні, 30-сәуірде өнер көрсетеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков айтты.

- 30-сәуірде Орталық алаңда Ұлыстың ұлы күні мерекесінің соңғы күні ауқымды түрде атап өтіледі. - Биыл да Наурыз 40 күн тойланатынын білесіздер. Көптеген шара өтеді. Көкшетауда қара жорға биін билеген жылқыны Павлодарда тамашалай аласыздар. Шабандоз жұрт алдында тегін өнер көрсетеді, - деп атап өтті Ардақ Райымбеков.

Еске салайық, 30-сәуірде Наурыз мерекесінің қорытындысы шығарылып, орталық алаңда 70 киіз үй орнатылады. Киіз үйлер сегіз ауылға бөлінеді. Жетеуінде облыс тұрғындары мен қонақтарына тағамдардан дәм таратылады.

Шағын сахналарада театрландырылған қойылымдар мен концерттер, ұлттық ойындар ұйымдастырылады.

Орталық алаңда жас суретшілер мен шеберлердің ұйымдастыруымен ұлттық дәстүрден сыр шертетін декоративті «Тайқазан», «Сәукеле», «Бөрік» сияқты инсталляциялар орнатылады.

Ең әдемі ұлттық киім киген павлодарлықтарға сыйлықтар ұсынылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: