Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ОҚО-да есірткіні көшеде сатқан күдікті ұсталды

Есірткі сатқан ер азаматтан 34 грамм "марихуана" тәркіленді.

Сурет : Вnews.kz11 Сәуір 2018, 12:58

Оңтүстік Қазақстан облысында есірткіні көшеде сатқан күдікті ұсталды. Тінту барысында есірткі сатқан ер азаматтан 34 грамм "марихуана" тәркіленді, деп хабарлайды BNews.kz ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың ақпан айында Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-не белгісіз азаматтың Шымкент қаласының аумағында есірткі сатып жүргені туралы хабар келіп түскен.

"ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылып жан-жақты жұмыстар атқарды. Нәтижесінде Шымкент қаласының 1973 жылғы тұрғыны "марихуана" есірткі затын сатып тұрған жерінен анықталып, ұсталды. Ұсталған күдіктінің жеке басын тінту барысында оның ішкі қалтасынан жалпы салмағы 18 грамм "марихуана" есірткі заты және үйіне жүргізілген тексеру жұмыстары кезінде жалпы салмағы 16 грамм "марихуана" есірткі заты табылып, тәркіленіп алынды", - делінген хабарламада.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер