Жаңалықтар тізбегі
0

Құрылыстағы алаяқтықтан миллиардтаған қаржыны пысықайлар басып жатыр - мәжілісмен

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2018 20:08 www.inform.kz
Депутаттың айтуынша, салықтан жалтару мақсатында біршама қулықтар жасалуда.

Құрылыс саласындағы алаяқтық схемалардың салдарынан миллиардтаған қаржы құрылысқа түспей, пысықай кәсіпкерлердің қалтасында кетіп жатыр. Парламент Мәжілісінің бүгінгі отырысында Әділет министріне депутаттық сауал жолдаған мәжілісмен Тұрғын Сыздықов осылай дабыл қақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір еліміздің азаматтарының арасында нотариустың қызметін пайдаланбайтын адам кеме-кем. Тиісті заңға сәйкес, нотариаттық қызмет 2012 жылы қабылданған «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже» бойынша көрсетіледі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың, кәсіпкерлердің құқықтық және мүліктік қарым-қатынастарын реттейтін осы құжаттың маңыздылығында күмән жоқ. Әйтсе де, соңғы кездері кейбір салаларда пайда болған ерекшеліктер ескерілмей отыр», - дейді депутат.

Халық қалаулысының айтуынша, бұл ережеге бірде-бір өзгеріс енгізілмеген.

«Қоғамымызда кең етек алған дау-дамайлардың ең ауқымдысы - құрылыс саласындағы үлескерлер мен салымшылардың сотқа жүгінуінің бір себебі осы ережеде жатқан сияқты. Дағдарысқа ұшыраған кейбір құрылыс компаниялары құрылыс нысандарындағы бос пәтерлер мен алаңдарды өз туыстары мен жақындарына, субмердігерлерге рәсімдеп, жалған сатып-алу және сату шарттарын жасаған. Мақсаттары - өз активтерін жасыру және жауапкершіліктен сытылып шығу. Баюды көксеген кейбір азаматтар бес, он немесе одан да көп пәтерлерді, кеңселерді және автотұрақты тегін немесе арзан бағаға сатып алып, құрылыс аяқталмай жатып, нарықтық бағамен басқа азаматтарға сатуды кәсіп қылған. Олар сол құрылыс компаниясының риэлторлары мен бұрынғы қызметкерлері», - деді ол.

Депутаттың айтуынша, салықтан жалтару мақсатында біршама қулықтар жасалуда.

«Мысалы, осындай жағдай Столичный-2 ТК-да болды. Тұрғын үй кооперативтері төрағаларының бірі 13 пәтерді 26 азаматқа сатқан. Кеше ғана арзан бағаға түскен пәтерді қымбатқа сатып, талайларды тентіретіп байыған оптовиктерге және активтерін жасырған құрылыс компанияларының басшылары мемлекет бағдарламасын пайдаланып, тағы да тегін пәтер алуы ғажап емес. Осындай алаяқтық схемалардың нәтижесінде миллиардтаған қаржы құрылысқа түспей, пысықай кәсіпкерлердің қалтасында кете барғаны анық. Жалған кәсіпкерлікпен күресу үшін тез арада қолданыстағы заңнамаға келесі өзгерістерді енгізу қажет деп санаймыз», - деген депутат ережеге төмендегі шарттарды енгізуді сұрады.

Бірінші - салынып бітпеген үйлер мен тұрғын үй жайларды цессия шартымен сатуға тыйым салу немесе осындай шарттарға салық салу, яғни салық кодексіне өзгерістер енгізу. Екінші - жоғарыда аталған тиісті өзгерістер негізгі шарттар жасалған кезде нотариус сатушыдан міндетті түрде төлем құжаттарын, банк түбіртегін немесе фискалды чекті талап ету қамтамасыз етілуі тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: