Жаңалықтар тізбегі
0

Головкиннің 5 мамырға жоспарланған кездесуі өтпеуі мүмкін

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2018 20:30 sputniknews.kz
Жекпе-жекті ұйымдастыру үшін бар болғаны бір ай ғана қалды.

Орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің 5 мамырға жоспарланған кездесуі өтпеуі мүмкін. Бұл туралы Хабар 24 арнасы Boxingscene.com порталы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Өз дереккөздеріне сілтеме жасаған басылымның хабарлауынша Головкиннің кездесуі түрлі себептерге байланысты өтпей қалуы мүмкін. Біріншіден, мексикалық Сауль Альварестің орнын басатын қарсылас табу барысында біраз қиындықтар туындап тұр.

Екіншіден, жекпе-жекті ұйымдастыру үшін бар болғаны бір ай ғана қалды. Оның үстіне кездесуді Лас-Вегастан Лос-Анджелес қаласына ауыстыруы да мүмкін.

Бірақ ұйымдастырушылар да тоғыз мың жанкүйерге арналған StubHub Center спорт кешенінің билеттерін сатуға үлгере алмайды.

Сонымен қатар жағдайды IBF ұйымы да қиындатып тұр. Головкин бұл белбеуін Сергей Деревянченкоға қарсы кездесуден қорғауы керек. Украиналық боксшының командасы Альварестің орнына кездесуді ұйымдастырып беру туралы өтініш білдірген.

Айта кетейік, отандасымыз IBF белбеуін соңғы рет 2016 жылы Доминик Уэйдқа қарсы қорғаған болатын. Бірақ Головкиннің промоутері Том Леффлер IBF ұйымымен келісімге келе алмады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: