Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қапшағайда 2017 жылдан бері пәтер тонап жүрген бір топ ұры қолға түсті

Алдын ала болжам бойынша келтірілген шығын көлемі 10 миллион теңгеден асады.

Сурет : Тoday.kz13 Сәуір 2018, 09:51

Алматы облысы, Қапшағай қаласында пәтерлерді бірлесіп тонаған бір топ ұры ұсталды, деп хабарлайды Today.kz.

Порталдың жазуынша, күдіктілер қылмыс үстінде қолға түскен.

"Ұсталғандардың Қапшағайда тіркелген 20 ұрлыққа қатыстары бар екені анықталды. Барлық эпизодта қылмыс жасау тәсілі бірдей – қаскөйлер пәтерлерге есіктің кілтін сәйкестендіріп ашып кірген", – деді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, топ 2017 жылы және осы жылдың басында ұрлық жасаған. Алдын ала болжам бойынша келтірілген шығын көлемі 10 миллион теңгеден асады.

Полицияның сөзінше, бір топ ұрының ішінде үш ер адам және бір әйел адам бар. Жастары 30-35 аралығында.

Күдіктілер қамауда. Қазір олардың Алматы облысы бойынша басқа да ашылмаған ұрлықтарға қатыстарының бар-жоғы анықталуда.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер