Жаңалықтар тізбегі
0

2017 жылы «Сергек» камерасы ЖКО 18% дейін төмендетуге көмектесті

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2018 23:49 astana.gov.kz
Таныстыру барысында вице-премьер ІІМ-не Бас прокуратура мен ІІМ ақпараттық жүйесін біріктіру процедурасын жеделдетуді тапсырды.

Астана әкімі Әсет Исекешев, премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев, бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен төтенше орталығына барып, «Сергек» жобасын іске асыру бойынша мәселені талқыға салды, деп хабарлайды Zakon.kz Астана әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асқар Жұмағалиевқа «Сергек» фото-бейне тіркеу жүйесінің барлық мүмкіндігін таныстырып, "Qamqor" айыппұл төлеу жүйесі мен әкімшілік құқық бұзушылықтың бірегей тіркеуін көрсетіп шықты.

Әсет Исекешев «Сергек» камерасын орнату және «нөлдік төзімділік» қағидасын іске асыру жоспары бойынша орта есеппен алғанда қылмысты 30 пайызға, ал ЖКО – 18 пайызға төмендеткенін айта кетті.

Таныстыру барысында вице-премьер ІІМ-не Бас прокуратура мен ІІМ ақпараттық жүйесін біріктіру процедурасын жеделдетуді тапсырды.

Бүгінде камера орнатудың бірінші кезеңі аяқталды. Қалада 6365 камера біріктіріліп, орнатылды. Бүкіл қаланы «Сергек» камерасымен қамту 2018 жылдың 1 маусымына дейін аяқталмақ.

Әрі қарай делегация «Astana LRT» кеңсесінің жұмысымен танысты. Басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов қаладағы интеллектуалды транспорт жүйесін көрсетіп шықты: яғни бағдарламалық-апараттық кешен. Ол бағдаршамдар мен бейнебақылау жүйесін орталықтан басқаруға мүмкіндік береді. Мамандар ITS жобасы шеңберінде аялдамаларға жолаушыларға автобустың келу уақыты туралы ақпараттандырып тұратын табло орнатылғанын түсіндірді. Таблоға қажеттілік туындаған жағдайда ТЖ мен басқа да алдын ала белгісіз жағдайлар туралы қосымша ақпараттарды орналастыруға болатынын айтты.

Диспетчер орталығына келген қонақтар тәулік бойы жедел режимде жүргізіліп жатқан орталықтандырылған басқарманың тасымалдау процесімен де танысты. Арнайы экранда қаланың картасы және қозғалыс кестесін бақылайтын индикаторлы барлық автобустың жағдайы көрсетілген. Қызыл – бұл озып кету, сары – қалып кету, жасыл – кестені байқау. Аталмыш картаға үзіліс болған жағдайда, схема өзгерген кезде, ТЖ барысында автобустардың статусы өзгергені көрсетіледі.

Асқар Жұмағалиев барлық функциялар қалалықтардың өмірін ыңғайлы әрі айтарлықтай жақсарта түсетінін айтты.

«Біз бүгін жобаның дайын екенін көрдік, олар дұрыс жұмыс жасап жатыр, Әкімдік тұрғындардан түскен шағымдар мен өтініштерге жедел әрекет білдіріп нәтиже шығаруда. Бізге енді тағы бір маңызды жүмысты қолға алу қалды – барлық ақпарат қолжетімді болатын мобильді қосымшаны соңына дейін аяқтау. Өйткені, енгізілген технология біз бен сіздің қауіпсіздігіміз бен жайлылығымызды қамтамасыз етеді, демек қалалықтар үшін оған қолжетімділік барынша қарапайым болуы керек», - деді вице-премьер.

Бүгінде жолаушылар автобусын 500 мыңнан астам тұрғындар қолданады.

Нысанға келгеннен кейінгі қорытынды бойынша барлық жауапты қызметке сәйкес тапсырмалар берілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: