Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Сұлтанов кей министрліктер бюджет қаражатын жыл сайын игере алмайтынын айтты

Республикалық бюджет шығыстары 2 трлн 265 млрд теңгені құрады.

Сурет : Baq.kz17 Сәуір 2018, 12:00

Кейбір мемлекеттік органдардың қаржылық жоспарлауы мен атқару дисциплинасының проблемалары жылдан-жылға қайталанып отыр, біз бұл мәселені жыл сайын көтереміз. Бұл жөнінде бүгінгі үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Республикалық бюджет шығыстары 2 трлн 265 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 109,7%, яғни 200 млрд теңгені құрады. Олардың негізгі бөлігі әлеуметтік міндеттемелерді орындауға, халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға, ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлерді қолдауға, «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға бағытталды. Сонымен бірге, бюжет қаражаты 95 млрд теңгеге атқарылмады. Оның 6,5 млрд теңгесі үнемдеу болса, игерілмеу сомасы 89 млрлд теңгені құрады», - деді Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, бұл 2017 жылдың 1 сәуіріндегі көрсеткіштен 1,8 есе көп.

«Осы соманың 62 млрд теңгесі Қорғаныс министрлігінде қалыптасты. Басты себебі – мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың ақпан айында ғана бекітілуіне байланысты конкурстардың кеш өткізілуі болып отыр. Қалған 20 млрд теңге бұл мәдениет және спорт, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, әділет министрліктері мен ұлттық қауіпсіздік комитетінде қалыптасты. Осы проблеманы біз жыл сайын көтереміз. Алайда, айтылған мемлекеттік органдардың қаржылық жоспарлауы мен атқару дисциплинасының проблемалары жылдан-жылға қайталанып отыр. Бұл мәселеде орталықтағы қаржы саласындағы әріптестерімізден, жергілікті мамандардан үлгі алуға шақырамын. Жергілікті бюджеттердің шығыстары 823 млрд теңгеге игерілді. 20 млрд теңге орындалмады. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 26%-ке жақсарды», - деді ол.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер