Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Мектепте 17 жыл жұмыс істеген мұғалім оқып, жаза алмайтынын мойындады

Ол алғаш рет өзінің құпиясы туралы әйеліне айтқан.

Сурет : Stan.kz17 Сәуір 2018, 14:10

Американдық мұғалім Джон Коркоран BBC-ге берген сұхбатында әріп танып, жаза алмайтындығына қарамастан 17 жыл бойы мектепте қалай жұмыс істегені туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Коркоран 40-50 жылдары Нью-Мексико штатында өскен. Ол мектепте қанша оқуға тырысқанымен, әр кезде кітабынан «түсініксіз қытай әріптерін» көрген. Мұғалімдер әрдайым оның ата-анасына баланың қабілеті бар екенін айтып, келесі сыныпқа ауыстырып отырған.

Коркоран бала кезінде Құдайдан оқып үйренуін сұрап, дұға еткен. Жетінші сыныпта ол үй тапсырмасын орындап беретін адамдармен дос болу керектігін түсінді. Ол көптеген емтихандарда неше түрлі қүйтырқы тәсілдерді қолданып, өзіне берілген тапсырманы достарына беріп, дайын жұмыстарды тапсырып отырған.

Дегенмен әріп танып, жазу жаза алмаған Коркоран әйтеуір мектеп пен колледжді бітіріп шықты. Кейін мектепте мұғалім жетіспегендіктен оны жұмысқа шақырған. Ол жеңіл атлетика жаттықтырушысы болып жұмыс істеп, оқушыларды жазу машинасына жылдам жазуға үйреткен.

«Мен ешқашан тақтаға жазу жазған емеспін. Тұтастай алғанда біз көбінесе фильм көріп, біраз нәрсені ауызша талқыладық », – деді Коркоран.

Ол алғаш рет өзінің құпиясы туралы әйеліне айтқан. Кейінірек Коркоран АҚШ-та сауатсыздықтан қиналған жалғыз адам емес екенін білді. Нәтижесінде ол басынан бастап оқып, жазуға келіскен 65 жастағы азамат болып, өзіне тәлімгер жалдады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер