Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Көкшетауда сүйіктісімен жанжалдасқан жігіт көпқабатты үйдің төбесінен секіріп өлмекші болды

Полицияның айтуынша, 40 минутқа созылған келіссөзді жүргізу барысында, жас жігіттің неліктен өзіне қол жұмсамақшы болғаны белгілі болды.

Сурет : stan.kz17 Сәуір 2018, 14:58

16 сәуірде 23 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны аудан орталығындағы Максим Горький көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің төбесінен секіріп, өзіне қол жұмсамақ болды. Жас жігіт бұл қадамға сүйіктісімен жалжалдасып қалғаннан кейін барған.

Көкшетауда сүйіктісімен жанжалдасып қалған жас жігіт көпқабатты үйдің төбесінен секірмекші болды

Бұл туралы Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Полицияға 23 жастағы жігіттің жолдасы досының өзіне қол жұмсамақшы екенін жазып, телефон арқылы хабарлама жіберген. Хабарды ала сала Ішкі істер басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қанат Нұрмағамбетов пен оның орынбасары Айбек Байғожиннің жетекшілігімен жедел-тергеу тобы оқиға орнына аттанды», – деді Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның айтуынша, 40 минутқа созылған келіссөзді жүргізу барысында, жас жігіттің неліктен өзіне қол жұмсамақшы болғаны белгілі болды. Сөйтсе үйдің төбесінен секіріп өлмекші болған жігіт сүйіктісімен жанжалдасып қалған екен. Полиция қызметкерлері мұны ести сала, сол жерге оның сүйіктісін әкелді. Тек содан кейін ғана жас жігіт өз ниетінен бас тартты.

«23 жастағы жігіт ешкімге наразылық білдірген жоқ. Ол бұл оқиғаға қатысты жүргізілетін кез-келген тергеумен, сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартты. Онымен алдын-ала әңгімелесу жүргізілді», – деді ведомство.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер