ШҚО-да су тасқыны салдарын жою жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

www.24.kz www.24.kz
Облыс әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 500 млн тенге қаржы бөлінген.

Шығыс Қазақстан облысында 500 үйдің жобалық-сметалық құжаты жасалды. 172 тұрғын үйде жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Бұған қоса баспаналары жарамсыз болып қалған отбасыларға арнап 34 үй сатып алынды.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында тасқын судың зардаптарын жою жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 500 млн тенге қаржы бөлінген.

Жалпы қалпына келтіру шараларына 3 млрд теңгеге жуық қаражат керек. Зырян, Глубокое, Аягөз аудандарында мұндай жағдай соңғы 50 жылда болып көрмеген. Бұқтырма өзеніндегі мұздың қалыңдығы 2 метрге жеткен. Оны жаруға 17 тонна тротил жұмсалды.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі: - Менің ойымша, біз төтенше оқиға кезінде жоспарлы түрде жұмыс істедік, Әрине кемшілік мүлдем болмады демеймін. Олқылықтар болды. Оған қатысты біз тиісті шаралар қабылдап, жұмыс істеп жатырмыз. Еріктілердің көп көмегі тиді. Қалпына келтіру жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтаймыз. Қазіргі уақыта тұрғындар тарапынан түсінбеушілік жағдайлар болып жатқан жоқ.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз