Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде тасқыннан зардап шеккендер моральдық өтемақы талап етуде

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2018 17:12 www.inform.kz
Алдымен су тасқынынан бүлінген Бобровка саяжайындағы үйлер қалыпқа келтіріледі.

Семейде су тасқынынан зардап шеккен үйлерді жөндеу жұмыстарымен айналысатын мердігер мекемелер анықталды. Жақын күндері олар қалыпқа келтіру жұмыстарын бастайды. Бірақ тұрғындар су тасқынына себепкер болғандардан моральдық шығынды өтеп беруді де талап етіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдымен су тасқынынан бүлінген Бобровка саяжайындағы үйлер қалыпқа келтіріледі. Барлығы 158 үй. Саяжайдағы зардап шеккен баспаналарды жөндеу жұмыстары үшін бюджеттен тыс қаражат бөлінген. Қала әкімі Ермак Сәлімовтің сөзінше, қазіргі заңға сәйкес саяжай үйлері қалыпқа келтірілуі тиіс нысандар тзіміне енбейді.

«Жергілікті билік тұрғындардың материалдық жағдайын ескере отырып, бюджеттен тыс көмектесу мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл мақсатта қайырымдылық қорлары мен кәсіпкерлер тартылуда. Кей тұрғындар жұмсалатын қаржыны өзімізге берсеңіздер жөндеп аламыз деп отыр. Бірақ бұл мүмкін емес. Барлығын өзіміз қалыпқа келтіріп береміз. Ешкім көмексіз қалмайды», - деді қала әкімі.

Жөндеу жұмыстарын қаладағы «Сәт транс» және «Гордорстрой» ЖШС қолға алды. Қолдарында баспанасының бүлінгенін растайтын құжаты бар тұрғындардың үйлері таяу уақытта қалыпқа келтіріледі. Қазір мердігер мекемелер су кірген үйлердің құрғауын күтіп отыр. Зардап шеккен саяжай тұрғындары сонымен қатар су тасқынына себепкер жауапты жандардан моральдық шығын өтеп беруді талап етіп отыр. Қала басшысы қазір бұл іске байланысты тергеу жұмыстарының жүріп жатқанын жеткізді.

«Егер олардың кінәсі анықталса моральдық шығынды өтеп беру туралы талап етуге болады», - деді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: