Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада электронды билет жүйесі енгізіледі

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2018 15:52 Хабар 24
Электронды жүйенің жұмысы қарапайым.

Қызылорда автобус паркінде қолданысқа енгізілетін электронды билет жүйесінің таныстырылымы өткізілді. Алдағы күндері жолаушылар жолақысын қолындағы смартфондары арқылы төлей алады, деп хабарлайды Хабар 24.

Электронды жүйенің жұмысы қарапайым. Бар болғаны ANDROID операциялық жүйесіндегі Play Market қосымшасы арқылы «IPAY» ЖШС-мен жасақталған OyBy мобильді көмекші жүктемесін орнатып, көмекші қосымшамен автобус салондарында орналасқан «QR» кодтар арқылы жол жүру ақысын бірліктеріңіз есебінен төлей аласыздар. Төлемдер автобус кондукторлары қолындағы қондырғылар арқылы бақыланып, тікелей Автобус парк орталығындағы экрандар арқылы сол мезетте көрінеді. «Алдағы уақытта бұл кодтар автобус паркіне тиесілі барлық автобус салондарына орнатылады. Сол секілді смартфонсыз жолаушылар үшін жолақысын қолма-қол төлем түрі де қалдырылады. Заманауи электронды билет жүйесінің бұл түрі еліміз бойынша Қызылорда қаласында ең бірінші болып қолданысқа енгізіліп отыр», – дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Қаюпов.

Бұл шараны ұйымдастырушылар Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына жасалған тарту екендігін айтады. Себебі жүйені орнатуға ешқандай қаржы жұмсалмаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: