Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның танымал жазушысы Сапабек Әсіпұлы дүниеден өтті

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2018 16:13 ҚазАқпарат
Қаламгер биыл 93 жасқа толатын еді.

Қазақстанның танымал жазушысы, Қазақстан журналистер одағаның мүшесі Сапабек Әсіпұлы өмірден озды. Қазақ тарихындағы зұлмат жылдар ашаршылық пен соғысты көрген қаламгер биыл 93 жасқа толатын еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сапабек Әсіпұлы 1925 жылы 21 қарашада қазіргі Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Қабырға ауылына қарасты Сарының Алакөлі деген жерде дүниеге келген. Еңбек жолын он екі жасында шығырға құлақшы болудан бастады.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1944 жылғы қыркүйектен бастап 1972 жылғы маусымға дейін журналистік жұмыспен шұғылданды: Қостанай облыстық «Большевиктік жол» (қазіргі «Қостанай таңы») газетінің редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, Амангелді аудандық «Социалистік шаруа», Жангелдин аудандық «Социалистік ауыл» (кейін «Жаңа өмір» - «Новая жизнь») газетінде жауапты хатшы, редактор болған. 1965-1967 жылдары Жангелдин аудандық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарған. 1972 жылдан 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Қазақ Совет Энциклопедиясының Бас редакциясында аға ғылыми қызметкер, Бас редактордың бірінші орынбасары, редакция меңгерушісі болып істеген.

Жазушының сүбелі еңбегі отаршылдық пен ашаршылық қасіреті жайындағы төрттағаны (тетралогия) : «Қазақ қасіреті», «Қатерлі дерт, қалжыраған халық», «Танталовы муки степи», «Қауқарсыз қазақ мәселесі» еді.

«Нұрхан Ахметбековтың поэтикалық әлемі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады (1973). Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1995).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: