Таразда қыз бала мектептен шығып, жоғалып кеткен

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде қыздың жоғалғаны туралы хабарлама тараған.

Таразда кеше жоғалып кеткен мектеп оқушысы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті 14 жастағы Яна Шиповскаяның жоғалу фактісін растады. Ол 19 сәуір күні мектептен шығып, жоғалып кеткен. Қайда екені белгісіз.

Әлеуметтік желілерде қыздың жоғалғаны туралы хабарлама тараған: «Бойы 150-155 сантиметр, шашы қара, орта денелі. Қыздың үстінде кардиган, ашық түсті футболка және қара джинсы болған».

Жоғалған мектеп оқушысы туралы ақпарат білетіндерден мына нөмірлерге хабарласуын сұрайды: +7 707 490 32 28, +7 775 511 17 77. Оны іздеуге Тараз еріктілері атсалысуда.

«Яна Шиповскаяның жоғалғаны туралы ата-анасы өтініш түсірді. Қазір іздестіріліп жатыр», - деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД-де.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз