Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Оралда із-түссіз кеткен 21 жастағы жігітке туыстары іздеу салды

Эдуард эпилепсия талма ауруымен ауырады.

Сурет : sn.kz23 Сәуір 2018, 09:56

17 сәуір күні үйден шығып кеткен Эдуард Карагодский сол күннен бері хабарсыз деп жазады Sn.kz.

Жігіттің әпкесі Оксананың айтуынша, Эдуард ата-аналарын еске алу күнінде жоғалып кетіпті.

«Біз сол күні бейіт басынд болдық. Үйге келсек, ол жоқ екен. Бізден бұрын үш сағат бұрын кеткен еді. Соңғы рет оны құрбым сағат 16.00 шамасында "Суровский" дүкенінің жанында отырғанын көріпті. Біз полицияға бірден хабар бердік. Сол күні ол сұр трико және спорттық қара кофта киген болатын. Эдуард эпилепсия талма ауруымен ауыратын еді. Егер көрген біреулер болса, хабарласуын өтінемін», - дейді Оксана.

Айта кету керек, өткен жылдың 13 шілдесінде де Эдуард Карагодский із-түссіз жоғалып болатын. Бірақ бірнеше күннен кейін ол ауруханадан табылды. Белгілі болғандай, көшеде кетіп бара жатқан Эдуардтың талмасы ұстап қалған екен. Өтіп бара жатқандар жедел жәрдем шақырып көмектесіпті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер