Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Көпбалалы әйел 4 баласын үйге қамап, саяхаттап кеткен

Ол 12 жасар егіздері мен 6 және 7 жасар қыздары өздеріне бас-көз бола алады деп ойлаған.

Сурет : sn.kz23 Сәуір 2018, 16:10

Балаларға бас-көз болу керектігін әрбір ересек адам түсінеді. Әсіресе, төрт баласы бар әйел бұл сөзді тереңінен ұғынуы қажет-ақ! Әрине, жақсы да, жаман да ата-ана болады. Бірақ бұл әйел бәрінен де асып түсті деп жазады Sn.kz.

Эрин Ли Макки — Америка тұрғыны әрі төрт баланың анасы. 2017 жылдың күз айында ол саяхатқа шықпақшы болып, төрт бірдей баласын үйде қалдырып кеткен. Германияға қыдырып баруды жоспарлаған әйел алғашқыда бала күтуші жалдауға тырысқанын айтты.

Ол 12 жасар егіздері мен 6 және 7 жасар қыздары өздеріне бас-көз бола алады деп ойлаған.

Белгісіз себептермен, әйел бала күтушімен келісе алмай, соңғы сәтте оның қызметінен бас тартыпты. Эрин ұзақ ойланбастан, балаларын жалғыз тастап, Германияға ұшып кеткен.

Небәрі 6 және 7 жасар қыздарға олардың 12 жасар егіз бауырлары қарайласқан. Абырой болғанда, бұл келеңсіздікті көршілері байқап, құқық қорғау органдарына хабар берген.

Араға бір күн салып, тәртіп сақшылары алаңсыз саяхатқа аттанған әйелдің үйін тінтіп шыққан. Сорақысы сол, әйелдің үстелінен оқталған тапанша табылған.

«Мұндайды өмірімде көрмеппін», – дейді полицей Тайлер Томпкинс.

Полиция қызметкерлері балаларды туыстарына жеткізіп салып, жауапсыз ананы шетелден шақыртқан. Алайда безбүйрек ана кері қайтуға асқыпаған. Ол тек жеті күннен кейін кері оралған.

Кейіннен әйелдің ешқандай да күтуші іздемегені анықталды. Әйел алаңсыз қыдырып, әртүрлі суреттерін Instagram-дағы парақшасына жүктеумен уақыт өткізген.

«Таңғалдым деп айтайын десем, олай емес. Бірақ қатты ашуланып тұрмын», – дейді Эриннің бұрынғы күйеуі, оның екі кішкентай қызының әкесі.

Сот әйелді екі жылға шартты түрде бас бостандығынан, сондай-ақ, аналық құқығынан айырды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер