Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Жерұйық Жерұйық
Алматы облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жауын-шашын жауады, тұман түседі, екпінді жел сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, Алматы облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз