Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматылық өнертапқыш велосипедшінің күш-қуатын 30 пайызға арттыратын құрылғы ойлап тапты

Өнертапқыш бұл жаңалығын Qazaq Biking деп атаған.

Сурет : www.24.kz24 Сәуір 2018, 10:12

Алматылық өнертапқыш Сайын Сазанбаев велосипедтің қол жетегін ойлап тапты. Бұл құрылғы велосипедшінің күш-қуатын 30 пайызға дейін арттырып, барлық дене мүшелерін жаттықтырады, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Оның құпиясы аяқпен қатар қолдың бұлшық еттерін де іске қосуда. Саин Сазанбаевтың ойлап тапқан жаңалығы, бір қарағанда, скандинавиялық жүріске ұқсайды. Бірақ басты ерекшелігі, оның әдісі велосипедте қолданылады. Инженер ғалымның айтуынша, велосипедшінің аяқтары қозғалғанымен, денесінің жоғары бөлігі қимылсыз тұрады.

Ал таяқтарды педальға бекітіп қойса, екі қолмен алма-кезек жұмыс істеп, аяққа қосымша күш беруге болады.

Саин Сазанбаев, өнертапқыш: - Адам екі қолымен жұмыс істейді. Бұлшық еттері, денесінің жоғары жағы толығымен жұмыс істейді. Жаттығу адам денесін алып жатыр. Аяқтары да, қолдары да, денесі де қимылдайды.

Бұл мәселені өзге де өнертапқыштар шешуге тырысқан. Бірақ олардың құрылғылары қауіпті әрі ауыр болған. Ал Сазанбаевтың тәсілінде қолданылатын таяқшалардың салмағы 700 грамнан аспайды. Өнертапқыштың жаңалығын алғаш болып фитнес-жаттықтырушылар сынап көрді.

Әсем Махамбетова, фитнес-жаттықтырушы: - Өте жақсы ойлап табылған нәрсе екен. Әлі де кішкене жетілдіру керек сияқты. Кішкене дизайнын ойлап табу керек сияқты. Себебі бізге мұнда көптеген адамдар келеді. Сондықтан да кішкене жетілдіріп жіберсе, адамдар өзінің денсаулығын түзеуге жақсы мүмкіндік алады деп ойлаймын.

Өнертапқыш бұл жаңалығын Qazaq Biking деп атаған. Бүгінде Әділет министрлігінен 3 патент алған. Болашақта ел арасында насихаттап, өзінің жобасын коммерцияландыруды көздеп отыр.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Нұрдәулет Жақсыбаев


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер