Шымкентте 7-сынып оқушысы нәрестелі болды

Baq.kz Baq.kz
Сәби сүйген қыз бала Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы Қаратөбе ауылында ата-анасымен бірге тұрады.

Шымкентте 13 жастағы оқушы қыз ана атанды. Ол 4,2 килограмдық дені сау сәбиді өмірге әкелді, деп хабарлайды Baq.kz.

Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы кәмелеттік жасқа толмаған қыз 22 сәуір күні №1 перинаталды орталықта сәбилі болғанын мәлімдеді.

«2005 жылғы қыз. Машықтанған дәрігерлердің арқасында ол ешқандай қиындықсыз және хирургияны араластырусыз 4,2 килограмдық сәбиді дүниеге әкелді», - дейді дәрігерлер.

Сәби сүйген қыз бала Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы Қаратөбе ауылында ата-анасымен бірге тұрады. Оның анасының айтуынша, немересінің әкесі кім екені туралы ешкім ештеңе білмейді.

Сондай-ақ, Еңбекші ауданының ІІД қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сәбилі болған жасөспірім-ана ауылдағы мектепте жетінші сынып оқиды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз