Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада 76 жастағы әйел пәтер үшін туған ұлымен соттасып жатыр

vistanews.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2018 21:54 vistanews.ru
Бүгінде Айтжамал әжей шаңырағымнан айырылып қалудан қорқады.

Астанада тұратын 76 жастағы Айтжамал әжей бүгінде өзінің туған ұл-қызымен соттасып жатыр. Зейнеткердің екі ұлы, екі қызы бар. Солардың екеуі алдау жолымен әжейдің баспанасын өз аттарына жаздырып алған. Енді мүгедек қызымен далада қалғалы отырған әжей қайда барарын білмейді. Бұл туралы 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

76 жастағы Айтжамал Әшімова 2003 жылдары Астанадан үш бөлмелі пәтер сатып алған. Қартайғанда кенжемнің қолында тұрамын деген ниетпен баспананы ең кіші ұлы Жәнібектің атына жаздырғанын айтады. Алайда үлкен ұлы Серік 2007 жылы алдау жолымен, пәтерді өз атына көшіріп алған. Ол үшін тағы бір бауыры Зәуренің көмегіне жүгінген. Яғни, Серік пен Зәуре өздерінің туған аналарын далаға қуып шыққалы отыр.

Бүгінде Айтжамал әжей шаңырағымнан айырылып қалудан қорқады. Әжейдің өтіне үш рет ота жасалған, қазір үй шаруасына жарамсыз. Денсаулығы аса жақсы емес. Үлкен қызы мен баласынан әбден көңілі қалған ана басындағы жалғыз баспанасынан айырылғысы келмейтінін айтады. Ал үшінші қызына қарай алмағандықтан, осыдан үш жыл бұрын мүгедектер үйіне апарыпты. Бүгінде сол қызының ұлымен, яғни немересімен бірге тұрады.

“Өзіміз Қарағанды жақтың адамдарымыз. Үлкен ұлым Көкшетауда тұратын. Астанадағы пәтерді алатын кезде 25 мың доллар ақша сол берді. Бірақ мен оның орнына Көкшетаудағы үш бөлмелі пәтерімді бердім. Яғни ақша менікі”, – дейді Айтжамал апа.

Бұл орайда эфирге Айтжамал әжейдің кенжесі Жәнібек хабарласып, мән -жайды түсіндірді.

“2007 жылы Серік жалған құжат жасатып, менің атымнан сенім-хат жасатып алған. Үйді 7 жасар баласына аударды. Менің одан ешқандай хабарым жоқ. 2014 жылы анам жылап келді. Жағдайды түсіндірді. Сосын үлкен әпкемізге бардық. Ол алғашқыда беремін деп келісті. Кейін: “Қайда барсаңдар, онда барыңдар. Үйді бермеймін”, – деді. Сөйтіп бір жылдай жауап ала алмаған соң, азаматтық сотқа шағым түсірдік. Одан ұтылып қалдық”, – дейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: