Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ресейдегі бүтін бір ауыл Қазақстанға қосылуды сұрап отыр

Бұл ауылдан Қазақстанға дейін бар болғаны бір жарым шақырым.

Сурет : Sn.kz24 Сәуір 2018, 16:27

Омбы қаласынан Дувановка ауылына дейін шамамен 140 шақырым. Соның ең соңғы 17 шақырымында асфальт жоқ: бұл жолмен балшық мұз боп қатқанда немесе кепкенде ғана жүруге болады. Ауылдан 17 шақырымға дейін өркениет аяқталады екен, деп жазады Sn.kz.

"Жол да, дүкен де, мектеп те, су да, ештеңе де жоқ. Біз мұнда тағдырдың тәлкісіне тастап кетті", - деп шағымданды Дувановка тұрғындары.

Бұл ауылдан Қазақстанға дейін бар болғаны бір жарым шақырым. "Бізге Назарбаевқа қосыла салған дұрыс шығар? Бәлкім, сонда өмір түзелер, ол бізге жол салып, жарық жеткізуге көмектесер?" - дейді жергілікті белсенді Сергей Малий.

Дәл осы кісі ауылды көрші Қазақстанға қосу туралы ұсынысты жақында аудан орталығындағы шенеуніктермен кездесуде айтқан. Шекараның арғы жағында өмір қандай екенін ол нақты білмейді, бірақ "бұдан нашар болуы мүмкін емес" деп есептейді.

"Жергілік тұрғындар "шыдам таусылды" деп отыр. Ауылда елу шақты үй бар. Балалар 17 шақырым жердегі мектепке барады. Пошта бірде істесе, бірде істемейді. Шұғыл жәрдемді бірнеше сағат күтуге тура келеді. Келмей де қалуы мүмкін. Жақында Леоновтардың сарайы өртеніп кетті, өрт сөндірушілер күлге айналғанда ғана әрең жетті", - деді Малий.

Бұған қоса Дувановка тұрғындары ауылда тым құрығанда бір дүкен істесе немесе көрші Қазақстанға азық-түлік үшін рұқсат берсе деп сұрайды. Бұрын көршілес Ресей мен Қазақстан бір-біріне қонаққа еркін барып тұратын, қазір ауданда шекара тастай құлыпталған.

Ауыл тұрғындары Қазақстанға қосылу идеясын әзірге салмақты ұсыныс ретінде қарастырып отырған жоқ, бірақ сол арқылы билікке түрткі жасағысы келеді. Тым болмаса, ауылға дейін асфальт төсеп берсе, тұрғындарға қатынау жеңілдер еді. Бірақ аудан мен облыс басшылығы Дувановка мәселелеріне әзірге назар аудармай отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер