Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Павлодарда ардагердің үйіне жылынып алуға кірген әйелдер алаяқ болып шықты

Ұлы Отан соғысы ардагерінің үйінен 580 мың теңге ұрланды.

Сурет : Sputniknews.kz25 Сәуір 2018, 09:44

Павлодарда алаяқтар Ұлы Отан соғысы ардагерінің үйін үптеп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

26 желтоқсан күні ерлі-зайыпты Любовь пен Николай Янченко үйде болған. ҰОС ардагері Николай Янченко сол күні 91 жасқа толған екен.

Екі белгісіз әйел есікті қағып, жылынып алуды өтінеді. Олардың бірі әжейді алдарқата тұрып, екіншісі үйден ақша іздеген.

"Ол екі әйел бізді, міне, осылай тонап кетті, оларды іздеп тапты, бірақ кінәсін мойындамай отыр. Біз пәтерге кірген жоқпыз, ештеңе білмейміз дейді. Бұл аз ақша емес қой", — деді "Павлодар Today-ге" тыл ардагері Любовь Янченко.

Алаяқтар үйден 580 мың теңгені алып кеткен. Ардагердің отбасы полицияға шағымданды, дегенмен, Любовь Янченконың айтуынша, кінәлілер әлі жазасын алмаған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер