Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Түркістан тұрғыны үйінде 200 жылан мен 15 кірпі асырайды

Бір бөлмесіне арнайы сандық пен жәшік орнатып қойған Асантай Закировтың қазір 200-ге тарта жыланы бар.

Сурет : Stan.kz25 Сәуір 2018, 11:00

Түркістан қаласында үйінде жылан мен кірпі асырайтын азамат тұрады. Бір бөлмесіне арнайы сандық пен жәшік орнатып қойған Асантай Закировтың (суретте) қазір 200-ге тарта жыланы бар, деп жазады Stan.kz.

15-ке жуық кірпісін ол бөлек бөлмеде ұстайды. Әйтпесе кірпілер жыланды түк қалдырмай жеп қоятын көрінеді. Ал Закиров олардан шипалы сорпа жасайды екен, деп жазады Замана.

«Мен бұл кәсіпті кәрістерден үйрендім. Олар біздің жақтан жылан мен кірпі аулайтын. Сөйтіп одан сорпа жасайтынын естідім. Біздің өңір құмды ғой. Онда көлбар жылан көп. Өзім де талайын ұстап, кәрістерге бергенмін. Сөйтіп жүріп біреуімен жақын дос болып алдым. Ол маған шипалы сорпа әзірлеуді үйретті.

Біздің мұсылманға жат әдет қой деп, бастапқыда оған қызыққан жоқ едім. Бірде бір таныстың бүйрегі суықтап, қатты ауырды. Ауруханаға жатып емделеді. Шыққан соң көп ұзамай қайтадан ауырдым дейді. Сонда кәрістен көрген тәсіліммен танысыма сорпа жасап бердім. Содан кейін ол бүйрегім ауырды деген емес. Одан кейін таныстардың өтінішімен өкпесіне қатты суық тиген, бруцеллезбен ауырған адамдарға сорпа әзірлеп бердім. Осылайша жылан сорпасын әзірлеу біртіндеп менің кәсібіме айналып кетті», – дейді Закиров.

Асантай Арифұлының шипалы сорпа әзірлеп жүргеніне биыл 25 жыл болыпты. Осы жылдар арасында оған өзіміздің елден бөлек, Ресейден, Түркиядан, Қытайдан келіп сорпаға тапсырыс берушілер болған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер