Бөрлі ауданында «Үздік педагог-2018» байқауы қорытындыланды

Газета "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" Газета "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести"
Екі кезеңнен тұратын байқауда 12 педагог бақтарын сынады.

Ақсайда Бөрлі аудан бойынша педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар мектепке дейінгі тәрбилеу мен оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелеріндегі педагогикалық қызметкерлер арасында республикалық «Үздік педагог-2018» байқауының аудандық кезеңі өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Екі кезеңнен тұратын байқауда 12 педагог бақтарын сынады.

Аталмыш шара «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Ұстаз-өзгерістер елшісі» жобасын іске асыру мақсатында білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен бастау алды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-04/thumbs/1524635513_2.jpg

Мұндағы басты мақсат – шығармашылықпен жұмыс істейтІн ұстаздарды анықтау және шығармашылық потенциалын ашу, олардың кәсіби тұрғыда өз біліктілігін анықтауға жағдай жасау.

Байқаудың нәтижесі бойынша бас жүлде Ляззат Акашаеваға бұйырды. Облыстық кезеңге аудан намысын қорғап қатысатын болады. І орын Гүлдана Максутова, ІІ орын Гульнара Есмагулова, ІІІ орын Гүлсая Жұмашеваның еншісінде.

Сондай-ақ Альфия Какимова «Шығармашыл ұстаз», Кенжеқыз Аязбаева «Зерттеуші мұғалім», Ақтоты Берікқалиева «Жаңашыл мұғалім», Алмагуль Бахтиярова «Жеңіске құштар», Сандуғаш Шуиншкалиева «Ізденімпаз мұғалім», Әбдібек Ақбергенов «Көшбасшы мұғалім», Татьяна Коба «Өнерлі мұғалім», Үміт Елжанова «Ұйымдастырушы мұғалім» номинацияларымен марапатталды. Бас жүлде алған қатысушымызға 100 000 тг ақшалай сыйлық табысталды, І орын 50 000, ІІ орын 30 000, ІІІ орын 20 000 тг көлеміндегі сертификаттармен марапатталды.

Аида Есенаманқызы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз