Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Студенттер негізгі біліммен бірге қосымша мамандық алып шығады – Сағадиев

Заң жобасында жоғарғы білім сапасын бағалау аккредиттеу механизмі арқылы іске асыру көзделген.

Сурет : Baq.kz25 Сәуір 2018, 12:36

Елімізде ЖОО білім алушыларына негізгі мамандықтан бөлек қосымша мамандық алып шығу мүмкін болмақ. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ЖОО-ның академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Академиялық еркіндікті кеңейту аясында білім алушыларға қосымша өзінің білім алу траекториясын анықтауға құқық беріледі. Осылайша студент негізгі «Major», сонымен қатар, қосымша «Мinor» білім беру бағдарламасы бойынша пәндерді таңдай алады. Нәтижесінде, студент заман талабына сай болуға жағдай жасайтын негізгі және қосымша мамандық алуға мүмкіндігі бар. Онымен қоса, пәнаралық практиканы жаппай енгізуге жағдай жасалады. Мысалы, қазіргі практика бойынша бұл физик-математик, химик-биолог секілді педагогикалық мамандықтарда болса, енді барлық мамандықтарға таралатын болады», - деді ол.

Сонымен бірге, заң жобасында жоғарғы білім сапасын бағалау аккредиттеу механизмі арқылы іске асыру көзделген.

Министрліктің мәліметінше, бүгінде аккредиттеу агенттіктер реестріне 8 агенттік кірді, оның ішінде 5-уі қазақстандық және 3-уі – шетелдік агенттік. Олардың регламенттері халықаралық стандарттар негізінде әзірленген.

«Елімізде қазақстандық және шетелдік аккредиттеу агенттіктері арасында бәсекелестік орта әлі де қалыптасуда. Осыған байланысты, еуропалық, америкалық және азиялық аккредиттеу агенттіктерін көбейту бойынша өзгеріс енгізу ұсынылады. Осы жағдай халықаралық стандарттардың, оның ішінде Еуропалық жоғары білім беру кеңістігі сапасын қамтамасыз ету (ESG) бойынша стандарттар мен нұсқаулық принциптерін ескеріп, қолданыстағы аккредиттеу институтын жетілдіруге жағдай жасайды», - деді министр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер