Таразда дауыл салдарынан электр желісі үзілді

Хабар 24 Хабар 24
Салдарынан көп қабатты тұрғын үйлер мен бірнеше балабақшаның шатырлары ұшып, қабырғалары зақымданды.

Таразда қатты жел соғып, жұртты әбігерге салды. Ұйтқыған желдің екпіні секундына 29 метрге дейін жетті, деп хабарлайды Хабар 24.

Салдарынан көп қабатты тұрғын үйлер мен бірнеше балабақшаның шатырлары ұшып, қабырғалары зақымданды. Сондай-ақ ағаштар құлап, электр желілері үзілді. Жарық сөнгендігі жөнінде жүзге жуық өтініш түскен.Мамандар түнімен жұмыс істеп, бірқатар нысандарды қалыпқа келтірді. Бүгін жауапты органдардың мамандары төтеннен келген шығынды есептеп қалпына келтірудің қамына кірісіп жатыр.

- Тұрғындардан көптеген хабарлама түсті. Ұшқан шатырлар көлікті басып қалған, ағаштар құлаған. Біраз жерде жарық сөнген. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпар түскен жоқ. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мониторинг жүргізіліп жатыр, - дейді облыстық ТЖД басқарма басшысы Азат Әбдіразақов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз