Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Нөлінші сынып оқулықтары бірден латын әліпбиінде шығарылады

Осы орайда ол ендігі уақытта 400 мыңға жуық балаға нөлінші сыныптың жаңа оқулықтарын басып шығару қажеттігін атап өтті.

Сурет : abai.kz25 Сәуір 2018, 17:01

Нөлінші сыныпқа арналған оқулықтар бірден латын әліпбиінде басып шығарылатын болады. Бұл туралы бүгін Астанада халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жұмысты айтсақ, балабақшалар санын көбейттік. Әсіресе жекеменшік балабақшалар көптеп ашылды. Қазір балаларды балабақшалармен қамту көрсеткіштері 90,5 пайызға жетті. Біздің алғашқы жоспарымызда нөлінші сыныпты енгізу 2019 жылға қойылған. Бүгінде бірыңғай бағдарламасы мен мұғалімдерді дайындау кестесі дайын, оқулықтар экспертизаға жіберілді», - деді министр.

Осы орайда ол ендігі уақытта 400 мыңға жуық балаға нөлінші сыныптың жаңа оқулықтарын басып шығару қажеттігін атап өтті.

«Латын әліпбиіне көшетін болғасын, оқулықтарды біржола латынша басқан жөн деп санаймыз. Бұл қаражат жағынан да тиімді. Сондықтан нөлінші сыныпты енгізу 2020 жылға латын әліпбиінде қойылып отыр», - деді Ерлан Сағадиев.

Оның атап өтуінше, латынға көшуге байланысты 4 комиссия жұмыс істеп жатыр.

«Терминологиялық және әдістімелік комиссиясын Білім министрлігі басқарады. Осы мәселе бойынша қазір көп жұмыстар жасап жатырмыз. 2020 жылға дейін нөлінші сыныпты ашуға дайын боламыз», - деді ол.



Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер