Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Әйелдерге жабысып тұратын көйлек киюге тыйым салынды

Киген көйлектің ұзындығы еденге дейін түсіп, тек шұлық пен аяқ киім ғана көріну керек.

Сурет : Baq.kz26 Сәуір 2018, 09:33

Түрікменстанда әйелдерге жабысып тұратын көйлек киюге тыйым салынды, деп хабарлайды Вaq.kz.

Бұдан былай әйел адамның денесіне жабысып тұратын көйлек киюге болмайды. Киген көйлектің ұзындығы еденге дейін түсіп, тек шұлық пен аяқ киім ғана көріну керек. Жеңінің ұзындығы да саусаққа дейін жету керек.

«Біз кері заманға - киіз үйде өмір сүрген шаққа қайтып барамыз. Мен 20 жастамын. Сонда мен әкемнің әжесінің көйлегін киюім керек пе? Сонда келесі талап қандай болмақ? Паранджа ма?» - деп ашуланды Ашхабад тұрғыны.

Сонымен қатар, қыздар сұлулық салондарында сары шаштарын қараға бояп әлек.

«Блонд түсті бояуды каталогтан алып тастауды бұйырды. Клиенттерге бұл ер адамдардың көзін түсіріп, жаман ойға итермелеуі мүмкін деген сияқты түсініктеме айтуым керек», - деді астанадағы сұлулық салонның қызметкері.

Айта кетейік, мұндай талап заңды күшіне енген жоқ. Дегенмен халық арасында ауызша тыйым салынып, тұрғындар оны бұлжытпай орындауда.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер