Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ш.Айтматовтың 90 жылдық мерейтойы Қазақстанда ерекше атап өтілмек

Айтматов шығармалары әлемнің 157 тіліне аударылған. Бірнеше туындысына фильм түсірілген.

Сурет : Хабар 2426 Сәуір 2018, 09:41

Биыл түркі әлемінің дүлдүлі Шыңғыс Айтматовтың туғанына – 90 жыл. Осыған орай Астанада «Айтматов. Империяның соңғы жазушысы» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Шығарма авторы – профессор, Қырғыз Республикасының бұрынғы мемлекеттік хатшысы Осмонакун Ибраимов, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазақтың рухани әлемі Шыңғысты «адамзатың Айтматовы» деп мақтан тұтады. Терең философиялық мағынаға толы Айтматов туындыларының түпкі идеясы еліміздегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен үндесіп жатыр. Заңғар тұлғаны ұлықтау арқылы қазақ елі бауырлас қырғыз халқына құрметін көрсетеді. Елбасы атап өткендей, біз тағдыр қосқан халықпыз. Сондықтан жазушының 90 жылдық дүбірлі мерейтойын Қазақстанда ерекше ықыласпен атап өтпек. Осы мақсатта халықаралық форум ұйымдастырылды.

– Айтматов жылының Астанада басталып отырғаны Орталық Азияда алғаш рет, Қазақстанда да тойланып отырғаны кездейсоқ емес. Айтматовтың бүкіл шығармасы қазақпен етене тығыз байланысты. Мемлекеттік құзырлы органдар үлкен ықылас танытып отыр. Бұл біздің мемлекетіміздің Айтматовқа деген ілтипатын, құрметін көрсетеді, - деді Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі.

Форумда «Айтматов. Империяның соңғы жазушысы» атты кітап таныстырылды. Туынды Халықаралық Түркі академиясының қаржыландыруымен мың дана болып жарыққа шықты. Қазір бірнеше тілге аударылып жатыр, соның ішінде қазақ тіліндегі нұсқасы да жарық көруі мүмкін.

– Біз осы Әуезов, Айтматов салған жолменен жүріп келеміз. Қазақстан мен Қырғызстанның арасында ешқандай проблема болмауы керек. Қазақ пен қырғыз – бір ел. Діліміз, дініміз – бір. Сондықтан Айтматов, Әуезов сияқты тұлғалар үлгі болуы керек, - деді «Айтматов. Империяның соңғы жазушысы» кітабының авторы Осмонакун Ибраимов.

Айтматов шығармалары әлемнің 157 тіліне аударылған. Бірнеше туындысына фильм түсірілген. Ол өз еңбектерінде Алатаудың қос етегін қатар жайлаған қазақ пен қырғыздың достығын арқау етті. Бүгінде екі елдің тарихи тамырластығы һәм сан түрлі саладағы байланысы нығая түскен. Елбасы қырғыз ағайынмен қарым-қатынасты жыл сайын жаңа деңгейге көтеріп келеді. Қазақстан бауырлас елге қиын қыстау кезеңде қол ұшын беріп те жүр. Ал Айтматовтың 90 жылдық мерейтойына барынша атсалысуымыз мәдени байланыстың одан ары арта түскенін айғақтайды. Мәселен, халықаралық түркі мәдениеті ұйымы биылғы жылды Айтматов жылы деп жариялады. Осыған орай ұйымға мүше Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан мен Түркияда түрлі іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар туған жері Таласта Айтматов орталығын ашу жоспарланған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер