Жаңалықтар тізбегі
0

Елордалық 100-ге жуық тұрғын алаяққа алданып қалды

www.24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2018 21:24 www.24.kz
Былтыр елордалық тәртіп сақшылары қайтарымсыз несие беремін деп жұртты алдап кеткен азаматшаны ұстаған еді.

Астаналық 100-ге жуық кісі алаяққа алданып, оңбай опық жеді. Елорда тұрғыны жұртқа несие алғызып, оны өзім өтеймін деп сендірген. Есесіне қомақты қаражаттың 10-20 пайызын ақша алып берген адамдарға беруге уәде еткен. Осылайша бір азаматтың атынан бірнеше несие рәсімделген. 350 миллион теңге пайда тапқан алаяқ әйел ақыры ұсталып, сотталып кетті. Бірақ банктер алданған тұрғындардан несиені қайтаруды талап етіп отыр, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Алаяққа алданғандардың бірі – Жанар Нұртаева. Аңқаулықтың зардабын тартып жүр. Жанардың атына бір емес, тоғыз бірдей жалпы құны 5 миллион теңге болатын несие рәсімделген. Енді қарызын қайтара алмай дал. Есесіне банктер Нұртаеваның жалақысының 70 пайызын ұстап жатыр.

Жанар Нұртаева, жәбірленуші: – Алдандық. Енді бұл өзгелерге сабақ болса деймін. Іске құқық қорғау органдарының араласуын сұраймын. Ішкі істер департаментіне барып, арыз жазсақ, олар құжатты министрлікке, ал қаланың прокуратурасы бас прокуратураға жіберіп, уақыт созып жүр.

Жанар сияқты сан соққандар жетерлік. Несие рәсімдеп, сыйақыға ие боламыз дегенде соңында бәрі тақырға отырды. Алданған адамдар бастапқы қарыздарын уақытылы төлемегендері үшін банктің қара тізімінде болған. Десе де оларға қайта-қайта несие рәсімделіпті. Яғни алаяқтар арнайы жоспар бойынша әрекет еткен. Несие рәсімдеу үшін арам пиғылдылар тұрғындарды банк бөлімшелеріне көліктерімен тасымалдапты. Алданғандар өздеріне несие берген 16 банкті атады.

Ал былтыр елордалық тәртіп сақшылары қайтарымсыз несие беремін деп жұртты алдап кеткен азаматшаны ұстаған еді. Алаяқ 2 жылдың ішінде жүзден аса адамды үгіттеп, банктен ақша алуға көндірген. Сондықтан ол Сарыарқа аудандық сотының шешімімен 4 жарым жылға бас бостандығынан айырылып, дүние мүлкі тәркіленді.

Жанар Нұртаева, жәбірленуші: – Бізді алдағандардың біреуі ғана кінәлі деп танылды. Үкім жарияланған кезде ақшамызды сотталған Табакова қайтарады деп айтылған еді.

Жұртты сан соқтырған бір ғана Табакова емес. «Бұл іске өзгелердің қатысы бар», – дейді жәбірленушілер. Себебі қалалық ішкі істер департаментіне алаяққа алданғандардан түсетін шағым толастар емес.

София Қылышбекова, қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: – Сотқа дейінгі тергеу реестріне 60 шақты шағым тіркелді. Алаяқтық бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Жәбірленушілер бір ғана алаяқтың сотталғанына наразы. Себебі оның артында бірнеше адам тұр дейді. Сондықтан өзгелерін де көп ұзатпай ұстап, жауапкершілікке тартса деп отыр. Себебі алданғандар миллиондаған несиелерін төлеп әлек.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Иван Тулинов, Ермек Кеншімбек

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: