Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

atameken.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2018 16:38 atameken.kz
Бұған дейін вице-министр лауазымында Бауыржан Бекешев болған еді, ол басқа жұмысқа ауысуына орай қызметінен босатылды.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Дана Бейсенқызы Жүнісова ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін вице-министр лауазымында Бауыржан Бекешев болған еді, ол басқа жұмысқа ауысуына орай қызметінен босатылды.

Дана Жүнісова 1985 жылы мамыр айында Целиноград қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған.

2003–2011 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Астана–Финанс» АҚ, «2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ жұмыс істеген.

2012–2013 жылдары — «Құлагер ҚК» ЖШС Жобаларды басқару департаментінің менеджері, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Тариф қалыптастыру департаменті директорының орынбасары.

2013 жылғы қазан айынан бастап қазіргі таңға дейін «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: