Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның құрылыс саласы цифрландыруға кірісті

BI Group, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2018 17:26 BI Group
Құрылыс саласының кәсіпкерлері форумға оң бағасын берді.

Еліміздегі ірі холдингтердің бірі BI Group Астанада 700-ден астам бизнес-серіктестердің басын қосты. Жеткізушілер мен мердігерлердің басын қосатын жыл сайынғы форумда құрылыстың дамуын тежейтін мәселелер, сондай-ақ құрылыс саласына серпіліс әкелетін инновациялар сынды тақырыптар тілге тиек етілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2018 17:26

«Сандық трансформациядағы бірлескен жол – бұл біздің болашағымыз және маңызды бәсекелестік беретін артықшылығымыз, - деді BI Group басшысы Айдын Рахимбаев. – Әлемдегі өнеркәсіптер мен өндіріс орындары инновацияны бұрыннан енгізіп келеді, ал құрылыс бұл процестің Қазақстандағы алғашқы «драйвері» болуы әбден мүмкін. Ескі процестерді цифрландырудан бастап, құрылыстың өзіндік құнын, мерзімі мен шығының қысқартатын жаңа технологияларды енгіземіз. Бұған ең алдымен түпкі тұтынушы мүдделі. Біз қазір шетелдік нарыққа шығудамыз және осы жобаларға ең алдымен қазақстандық компанияларды тартамыз, бірақ әлемде бізге қойылатын талаптар жоғары, яғни біздің серіктестерімізге де. Форум – біздің серіктес компанияларымыздың дамуына мүмкіндік беретін, шешімдерді іздестіруге арналған алаң».

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2018 17:26

Сарапшылар форумға қатысушыларға BI Group-тың күнделікті жұмысында қолданылып жүрген сандық құралдарды таныстырды. Бүгінгі күні компаниядағы құжаттама, материалдарды сатып алу тендері, келісімшарттарды төлеу және қорытынды шығару, техникаға тапсырыс беру сынды жүйелер электрондық форматқа ауыстырылған. Бұл үшін арнайы электрондық портал бар, оған барлық серіктестер үшін қолжетімді BI PARTNERS мобильді қосымшасы іске қосылған.
Бір жыл ішінде компания барлық жобаларды жобалау мен басқаруды BIM форматқа аударуды көздеп отыр, бұл өз кезегінде құрылыс сапасын жақсартуға, жобалау кезеңінде кемшіліктерді табуға және құрылыс мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Атап өту керек, BIM көмегімен іске асырылған алғашқы жобалар жоғары нәтиже көрсетті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2018 17:26

BI Construction және BI Road Construction Бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Исабаев холдингтің жыл сайын өсіп келе жатқаның, бүгін де оның құрамында Қазақстанда және шетелде 184 жобаны іске асыратын 5 компанияның барын айтып өтті:«Тиімді басқару үшін біздің холдинг сегменттер бойынша бөлінген - BI Construction (қоғамдық және әлеуметтік мақсаттағы инфрақұрылым), BI Development (тұрғын үй), BI Engineering (мұнай-газ және ауыр өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы), BI Road Construction (жол құрылысы), BI Property (коммерциялық жылжымайтын мүлік). 2018 жылы біз 165 км жол төсеп, 210 мың шаршы метр әлеуметтік маңызы бар объектілерді және 946 мың шаршы метр тұрғын үй мен коммерциялық жылжымайтын мүлікті пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, сондай-ақ, әлемнің 6 еліндегі жобаларды жүзеге асыру тағы бар. Мұндай форумдар жүйелі проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді».

Құрылыс саласының кәсіпкерлері форумға оң бағасын берді. Мәселелердің бір бөлігі дәл осы жерде шешілсе, қалғаны BI Group бизнес-серіктестер кеңесінің күн тәртібіне енгізілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2018 17:26

Болат Сәдуақасов, Heating Systems өкілі: «BI Group-пен инженерлік желілер бойынша жұмыс істеп жатқанымызға бір жылдан асып барады. Біз электрондық аукцион енгізілген кезде келдік. BI біз үшін алға жол салушы, оның жаңа технологиясын енгізіп отырамыз. Форумның идеясы маған ұнайды, кері байланыс бар, біраз проблемалар шешіледі».

Форум соңында LEAN технологиясын қолданып жүрген, BI Group қайырымдылық жобаларына белсене қатысып жүрген компаниялар марапатталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: