Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қыздар Университеті баскетболдан ұлттық студенттік лиганың жеңімпазы атанды

Чемпионатты өткізудегі мақсат – жастар арасында салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу, елімізде баскетбол ойынын кеңінен тарату және жоғары оқу орындарының командаларына қолдау көрсету.

Сурет : www.zakon.kz28 Сәуір 2018, 16:02

Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының баскетболдан ұлттық студенттік лигасының финалы өтті. Ақтық кезеңде қыздар арасында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің тобы жеңіске жетті, деп хабарлайды zakon.kz оқу орнының Баспасөз орталығының жетекшісі Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Елімізде тұңғыш рет Қазақстан Республикасының баскетболдан ұлттық студенттік лигасы, «Жас Отан» Жастар қанаты және ҚР Ұлттық баскетбол Федерациясының қолдауымен өткен чемпионат екі кезеңнен тұрды. Алғашқы айналымда өткен жылдың қазан айынан бастап аймақтар бойынша «Орталық», «Алматы», «Оңтүстік», «Солтүстік», «Шығыс», «Батыс» дивизиондары құрылып, 30-дан астам студенттік топ өзара сайысқа түсті. Нәтижесінде, Алматы қаласындағы финалға 16 ерлер және 8 қыздар тобы өтті.

Чемпионатты өткізудегі мақсат – жастар арасында салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу, елімізде баскетбол ойынын кеңінен тарату және жоғары оқу орындарының командаларына қолдау көрсету. Ақтық кезеңде үздік ойын көрсеткен топ мамыр айында Мәскеуде өтетін ISBC Халықаралық Кубогына қатысады. Еліміздің студенттері баскетболдан халықаралық турнирде алғаш рет бақ сынамақ. Әлемнің 12 елінен келген ең үздік ойыншылармен жарысқа түседі. Турнирге жақын және алыс шетелдерден Ресей, Испания, Сербия, Латвия және Греция құрамалары қатысады.

– Чемпионат студенттер арасында үлкен бәсекелестік тудырды. Чемпионаттың қазақ баскетболы тарихында студенттер арасында алғаш рет өткенін атап айту керек. Жоғары оқу орындарының студенттері өз командаларына керемет қолдау көрсетті. Студенттер лигасы баскетбол спорт түрінің елімізде, әсіресе жастар арасында кеңінен танылуына ықпал етеді, – деп атап өтті «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев.

Қыздар Университетінің студенттерінен құралған команда алғашқы айналымда М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, КЭУК, Нархоз университетінің топтарынан басым түсіп жартылай финалға жолдама алды.

Ал, жартылай финалда Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің құрамасынан айласын асырып, финалда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің спортшыларын 57:51 есебімен ойсырата жеңді. Жеңімпаздар арнайы кубокпен және 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықпен марапатталды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер