Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Маңғыстауда мемлекеттік қызметкерлерге медициналық қызмет тегін көрсетілетін болды

Бұл бастамалардың барлығы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес «Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру» шаралары аясында жүзеге асырылуда.

Сурет : rcrz.kz28 Сәуір 2018, 17:35

Маңғыстау облысында 3 мыңға тарта мемлекеттік қызметкер медициналық қызметті өз емханаларынан тегін алатын болды, деп хабарлайды Baq.kz.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының өзара келісімі нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлерге орталықтандырылған медициналық қызмет көрсетіледі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет саласын қадағалау департаментінің директоры Равиль Төлебаев пен «Арнайы мониторинг тобының» мүшелері Зәуреш Батталова, Нұрлан Баймурзаев, Ырза Тұрсынзада Ақтау қаласында орналасқан клиниканы аралап шықты.

Соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген жекеменшік емхана енді мемлекеттік қызметкерлерге қызмет көрсетеді.

Астанадан арнайы келген делегация өкілдері жекеменшік клиниканы аралап, ондағы дәрігерлермен сұхбаттасты.

Осы орайда Мемлекеттік қызмет саласын қадағалау департаментінің директоры Равиль Төлебаев мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік мәселесі үнемі басты назарда болатынын атап өтті.

«Мемлекеттік қызметкерлер халыққа еш уайым-қайғысыз қызмет етуі үшін әрі денсаулығы жақсы болуы үшін агенттік бұл жұмыстың әрбір өңірде жоғары деңгейде ұйымдастырылуын басты назарда ұстайды», - деді ол.

Айта кетейік, бұл бастамалардың барлығы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес «Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру» шаралары аясында жүзеге асырылуда.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер