Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматыда әлемдік ұйымның жастарға арналған өкілдігі ашылады

Кездесуде тараптар гендерлік саясат және әлеуметтік мәселелер тұрғысында бірлескен жобаларды бірлесіп жүзеге асыру жайын талқылады.

Сурет : www.zakon.kz2 Мамыр 2018, 15:04

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде БҰҰ Тұрғын халық саласындағы Қорының «Жас Құрдастар» атты жастар желісінің өкілдігі ашылады, деп хабарлайды zakon.kz оқу орнының Баспасөз орталығының жетекшісі Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Қыздар Университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова мен БҰҰ Тұрғын халық саласындағы Қорының Қазақстандағы өкілі Джулия Валеземен және Орындаушы өкілі Райымбек Сисемалиевпен кездесу барысында мәлім болды.

Жүздесу барысында Г. Алдамбергенова БҰҰ Тұрғын халық саласындағы қорының Қазақстан халқының тұрақты дамуы мен әл-ауқаты артуындағы елеулі үлесін атап өтті. Сонымен қатар, тараптар аталған Қордың «Жас Құрдастар» атты жастар қозғалысымен бірлесіп Қыздар Университетінің студенттеріне гендерлік теңдік жайында, жастардың көшбасшылық деңгейін көтеру мақсатында семинарлар мен тренингтер өткізуге уағдаласты. Сондай-ақ, БҰҰ Халық қоныстану Қорымен бірігіп жұмыс жасау жастарға тәлім-тәрбие беруде одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізетініне сенім білдірілді.

– Қара шаңырақ Қыздар Университеті студенттердің тек оқу жетістіктеріне ғана емес, сонымен қатар қыздар тәрбиесіне, олардың көшбасшылық қасиеттері мен белсенді азаматтық жауапкершілігін дамуына да үлкен көңіл бөледі, – деп атап өтті Гаухар Төремұратқызы.

Өз кезегінде Қор өкілдері Қазақстан халқының тұрақты дамуы мен әл-ауқатын арттырудағы ұйымның елеулі үлесі турасында әңгімеледі.

– БҰҰ Халық қоныстану Қоры қызметінің негізгі міндеті ана денсаулығын жақсарту және әйелдер, жастар мен жасөспірімдердің өмірін жақсарту үшін нәпсіқұмарлық және репродуктивтік денсаулық пен репродуктивтік құқықтарды қорғауға жәрдемдесу арқылы даму саласындағы мыңжылдықтың бесінші мақсатына қол жеткізуге көмек көрсету, – деді Джулия Валезе.

Ол педагогикалық оқу орнымен болашақта бірлесіп атқарылатын жұмыстың маңыздылығын баяндады. Д. Валезенің айтуынша, жастар арасында тәрбие беру мен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу, олардың жеке азаматтық позициясын қалыптастыру мен көшбасшылық әлеуетін дамыту бүгінде үлкен маңызға ие.

Сондай-ақ, кездесуде тараптар гендерлік саясат және әлеуметтік мәселелер тұрғысында бірлескен жобаларды бірлесіп жүзеге асыру жайын талқылады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер