Facebook онлайн-танысу қызметін іске қосады

Baq.kz Baq.kz
Цукербергтің мәліметінен кейін Tinder онлайн-танысу қызметінің акциясы 18 пайызға азайып, ІАС шамамен 14 пайызға төмендеген.

Facebook әлеуметтік желісі пайдаланушыларға өмірлік серігін табуға мүмкіндік беретін жаңа функцияны іске қосады. Бұл туралы F8 конференциясында компанияның негізін қалаушы Марк Цукерберг айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Facebook-та 200 миллион адам өздерін жалғыз деп есептейді, сондықтан бұл жерде айналысатын ауқымды жұмыс бар. Жаңа функция нақты әрі ұзақ қарым-қатынастарды қалыптастыруға көмектеседі және бір түндік байланыстарға арналмаған», - деді Цукерберг.
Онлайн-танысу қызметі бірнеше айдан кейін іске қосылады. Бұл туралы Facebook-тің бас маманы Крис Кокс мәлімдеді.

Facebook-тың жаңа функциясы әлеуметтік желілерде пайдаланушылар уақытын арттырып және бәсекелестер үшін маңызды мәселе болады.

Цукербергтің мәліметінен кейін Tinder онлайн-танысу қызметінің акциясы 18 пайызға азайып, ІАС шамамен 14 пайызға төмендеген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз