Жаңалықтар тізбегі
0

Сағынтаев экспортты дамыту бойынша Жол картасын дайындау жұмыстарын аяқтауды тапсырды

liter.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2018 22:41 liter.kz
Үкімет басшысы ҚР экспорттық әлеуетін кеңейту шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстарды талдауды тапсырды.

Үкімет басшысы Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін кеңейту шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жүргізуді тапсырды. ҚР Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының экспорттық саясатын жүзеге асыру барысын талқылау кезінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев экспорт бойынша Жол картасын әзірлеуге қатысты аяқталмаған жұмыстарды еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазіргі уақытта экспорт саласында оң динамика бар. 800 тауар түрінен - біздің тауарларымызды 122 елге шығарамыз, экспортта 30% өсім байқалады. Дегенмен, біз барлық мүмкіндікті пайдаланып жатырмыз ба? Өткен жылдың қараша айында негізгі мәселелерді қарастырған болатынбыз, қандай кедергілер барын. Сондай-ақ Жол картасын әзірлеу тапсырылған», - деді ол.

«Өкінішке орай, Жол картасы әлі де дайын емес. Ерболат Асқарбекұлы (ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Досаев), мамыр айында Жол картасы дайын болып, экспорттық саясат жөніндегі Кеңестің отырысына шығарылу керек», - деді Сағынтаев Досаевқа.

Бұған қоса, Министрлер кабинетінің басшысы ҚР экспорттық әлеуетін кеңейту шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстарды талдауды тапсырды.

«Мен екі жақты келісімдеріміздің жұмысы туралы, осы келісімдердің шеңберінде қандай тиімді жұмыс жүргізіліп жатқаны туралы айтқым келеді. Сонымен қатар, сауда-экономикалық келісімдердің арасында артықшылығы басым келісімдер бар, осы мүмкіндіктерді қаншалықты қолданып жатырмыз. Сараптама жүргізу қажет, өйткені қаржылық қолдау бір жылға тек 40 экспорттаушы кәсіпорынға ғана берілді (...). Осы бағытта жұмысымызды жалғастырамыз», - деп түйіндеді Б.Сағынтаев.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: