Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Әлемдегі ең бай адам ақша жұмсауды білмейтінін мойындады

Ол қаражат жұмсаудың жалғыз дұрыс шешімі – өте үлкен көлемде бөлінуі тиіс қайта инвестициялау болып табылатынына сенімді.

Сурет : stan.kz3 Мамыр 2018, 09:13

Әлемдегі ең бай адам деп саналатын Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос ақша табуға қарағанда оны қалай жұмсауға болатындығын ойластыру қиын екенін мойындады. Бұл туралы Business Insider хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Миллиардердің айтуынша, еңбекпен тапқан ақшаңды жұмсау біз ойлағандай, оңай емес.

«Сіз бұл ақшаны мейрамханада екінші кешкі асқа жұмсай алмайсыз», – деп әзілдеді Безос.

Ол қаражат жұмсаудың жалғыз дұрыс шешімі – өте үлкен көлемде бөлінуі тиіс қайта инвестициялау болып табылатынына сенімді. Осылайша ол жыл сайын ғарыш кемесін жасаумен айналысатын Blue Origin компаниясын қаржыландыру үшін шамамен бір миллиард доллар аударып отырады екен.

«Blue Origin компаниясына қатысты нақты мақсатым болып жолым болды. Бұл компанияның жетістіктері бүкіл өркениет үшін өте маңызды деп ойлаймын», – дейді Amazon басшысы.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Джефф Безостың байлығы 131 миллиард долларға бағаланып отыр, оның 125 миллиарды Амазонның акциялары.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер