Теміртауда адам өлтірді деген күдікпен бұрынғы полицей ұсталды

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Криминалдық полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні ұстады.

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында жасанды суайдынының жағалауынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша 22 жастағы Теміртау тұрғыны ұсталды.

«Бұқар жырау ауданы Ростовка ауылының маңынан, жасанды суайдынының жағалауынан зорлықпен өлтірілген 38 жастағы ер адамның денесі табылды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Криминалдық полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні ұстады. Ол Теміртау қалалық ІІБ Жол-потрульдік полиция батальонының бұрынғы сержанты болып шықты.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді полициядан.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз