Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қытай ШҚО-дан бал мен балық сатып алатын болды

Қытай тарапы біздің 10 экспортеріміздің өнімін сатып алуға дайын екендіктерін айтқан.

Сурет : altaynews.kz3 Мамыр 2018, 11:51

Жуырда Өскеменге Қытайдың карантиндік қызмет өкілдері келіп қайтты. Олар жергілікті өнім өндіруші кәсіпкерлердің жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Қытай тарапы ең алдымен ШҚО балына қызығушылық танытып отыр екен. Жергілікті Кәсіпкерлер палатасында болған кездесуде шығыстағы көршілеріміз айтулы омарташыларды экспортерлер тізіміне алатындарын айтып, өздерінің бірнеше сұрақтарын да қойды.

- Техникалық талаптар қалай орындалады, санитарлық нормалар қандай деңгейде? Өнімнің қауіпсіздігін бақылау жүйесінің қалай жұмыс істейтінін білгіміз келеді. Өнімді сертификациялау жұмыстары қалай жүргізіледі, балдың сапасы қалай бағаланады? Осыны білгіміз келеді, - дейді олар.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қытай тарапы біздің 10 экспортеріміздің өнімін сатып алуға дайын екендіктерін айтқан. Оның ішінде алты – бал, үш – балық өнімі және бір — ет өндіретін кәсіпкермен келісім шарт жасаспақ. Соныман қатар, қытайлық делегация «Пасека» ШҚ (бал), «Төре Тоғам» ЖШС (балық) сияқты өнім өндіретін кәсіпкерлердің жұмыстарымен танысты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер