Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Фонограммасыз ән айту үшін лицензия әзірлеп жатырмыз — «Қазақконцерт» директоры

Фонограммаға заң жүзінде тыйым салу өте қиын.

Сурет : Baq.kz3 Мамыр 2018, 14:06

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы алдағы уақытта сахнада фонограммасыз ән айтуды міндеттеуді қолға алмақшы. Ол үшін сәйкес лицензия алу үшін іс-шаралар жүргізілуде. Бұл жөнінде аталған мемлекеттік ұйымның директоры Жеңіс Сейдуллаұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Біз қазір фонограммасыз, жанды дауыспен ән айту бойынша лицензия әзірлеп жатырмыз. Шыны керек, фонограмма әлі де бізбен бірге жүреді. Себебі, кейбір телефизиялық жобаларда фонограммамен айтуға тура келеді, сол сияқты аппаратура нашар болса да фонограмманың көмегіне жүгіну қажет. Біз жастарды табиғи, жанды дауыспен ән салуға үйретпекшіміз. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйым болғандықтан, біз өзгелерге үлгі болуымыз керек, өзіміз бастама жасауымыз керек. Біз осындай үлкен ұйым ретінде барлығына назар аударуымыз керек: оның репетруарына, халықтың алдында дұрыс ән айтып, дұрыс сөйлей алады ма. Екі әннің орындалуының арасында өте қиын нөмір бар, ол – халықпен араласу. Сол жерден көбісі ақсаңдап жатады, не жөні түзу сөйлей алмайды, не бір дұрыс әңгіме айта алмай, елді шулатып жатқанын өздеріңіз де көріп жатырсыздар. Мұның барлығы өзіне, продюсеріне ғана емес, Қазақконцертке де келіп тиеді. Осыған қатысты біз әрекет жасауды жөн көрдік», - деді Жеңіс Сейдуллаұлы.

Сонымен қатар, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының эстрада бөлімінің басшысы Мөлдір Әуелбекова да фонограммасыз ән айтуды толықтай қолдайтыны жөнінде пікір білдірді.

«Біздің эстрадада біршама ақсаңдайтын мәселеміз – ол фонограмма. Фонограммаға заң жүзінде тыйым салу өте қиын. Неге десеңіз, бұған техникалық ақаулар, телевизия түсірілімдерінің талаптары ықпал етеді. Айта кететінім, «балық бастан» дейді. Сол себепті, біз бұл бастаманы өзімізден бастауды қолға алып жатырмыз. Қазіргі уақытта, «Қазақконцерт» МКҰ-ның эстрада бөлімінде біздің Алтынбек Қоразбаев ағамыз бастаған көптеген әншілердің тізімі бар. Сондықтан, барлығын өзімізден бастаймыз. Алдағы уақытта, әрине, жоғары жақтан бізге үлкен қолдау болып, фонограммаға заңмен тыйым салынып жатса, бұл біздің өнеріміздің, қазақстандық эстрада өнерінің жоғары деңгейде болуына септігін тигізеді», - деді Мөлдір Әуелбекова.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер