Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

www.zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2018 23:15 www.zakon.kz
Дәстүрлі жәрмеңке жастарға еңбек өтілінсіз жұмысқа орналасуға септеседі.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бітіруші түлектері үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Шараға 800-ге жуық студент пен 100-ге жуық жұмыс беруші қатысты, деп хабарлайды zakon.kz оқу орнының Баспасөз орталығының жетекшісі Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі жәрмеңке жастарға бүгінде білім беру ошақтарында қай сала мамандарына сұраныс көп немесе тапшы екендігін және еңбек өтілінсіз жұмысқа орналасуға болатындығын анықтауға септеседі. Сондай-ақ, «Дипломмен – жұмысқа» жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ел халқына арнаған Жолдауында: «Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек», дей келе, барлық қазақстандықтарды мемлекет игілігі жолындағы еңбекке шақырды, бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындырды, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Әлбетте, Мемлекет басшысының бұл стратегиялық тапсырмасын орындауда ел жастарының рөлі зор. Президент өз еңбектерінде жастар реформалардың алғы сапында болуға тиіс және ХХІ ғасырда Қазақстанды құратын да, дамытатын да нақ осы өскелең ұрпақ екенін ерекше атап көрсетті. Жолдауда жүктелген әлеуметтік жаңғыру жолындағы нақты міндеттерді жүзеге асыруда бұл жәрмеңкенің өзіндік маңызы бар екендігін ерекше атап өткім келеді. Іс-шара жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешетін маңызды механизм болып табылады, – деп атап өтті шара ұйымдастырушылары.

Жәрмеңкеге Алматы облысы мен Алматы қаласындағы мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары қатысып, өз мекемелеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынды. Студенттер бұл мүмкіндікті пайдаланып түйіндемелерін жолдады. Сондай-ақ, олар өз жетістіктері тіркелген портфолиоларының көрмесін өткізіп, презентация жасады.

– Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру жас мамандарға ғана емес, жұмыс берушілер үшін де маңызды. Жастар өздерін қызықтыратын бос орындар туралы мәлімет алуға, ал біздер үшін түлектердің іскерлік қасиетін бағалауға мүмкіндік тудырады. Осы тақылеттес шаралар арқылы түлектерге ақпарат бере аламыз. Орта мектепке қызметке орналасқан жас маманға тәжірибесі мол ұстаздар бағыт-бағдар беріп, жұмысының қыр-сырын терең меңгеруіне әрқашан қолұшын көрсетеді. Сондықтан жастар жұмыс істеуге деген ынта-ықылас танытса, біз өз тарапымыздан әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз, – дейді жәрмеңкеге қатысушы жұмыс беруші.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: