Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда бұғы мүйізін тиеп алып бара жатқан адам ұсталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 16:07 zakon.kz
Көлікке Моңғолияның мемлекеттік нөмірі бекітілген, ал көліктің өзі ауыр салмақтан, отырып қалған.

Алматыда "Буран 39" қызметкерлері Алатау ауданында торуылдау кезінде күдікті автокөлікті байқап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар Ақын Сара көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатқан Toyota Ipsum көлігін тоқтатады.

Көлікке Моңғолияның мемлекеттік нөмірі бекітілген, ал көліктің өзі ауыр салмақтан, отырып қалған.

Полиция қызметкерлері жүргізушіге көлікті тоқтатуға бұйырады. Құжаттарды тексерген соң, жүргізушіден жүксалғышта не бар екенін сұрайды. Ер адам көлікте бұғының мүйізі бар екенін айтады.

Тексеру барысында, Toyota Ipsum жүксалғышынан 5 қап бұғының мүйізі анықталады, тағы бір қап көліктің ішінен табылады.

Toyota Ipsum жүргізушісі мүйіздерді заңды түрде Алматы облысы, Кеген ауданынан алып келе жатқанын айтады. Оның айтуынша, ол жануарлардың өздігінен лақтырып тастаған мүйізін жинап алған көрінеді. Алайда оларға ешқандай құжаты болмаған.

Полицейлер кейбір мүйіздің арамен кесілгенін байқады. Жүргізушінің айтуынша, мүйіз көлікке сыймағандықтан, оларды кесуге мәжбүр болыпты.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері келді, жүргізуші қамауға алынды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 16:07, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 16:07, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 16:07, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 16:07, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 16:07, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 16:07

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: